2026 жылғы 12 қаңтарда "Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ «Заң және тәртіп» айлығы аясында 1–11 сынып оқушылары арасында «Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру әңгіме өткізілді. Сондай-ақ құқық бұзушылықтарға, буллингке және кибербуллингке нөлдік төзімділік туралы ақпарат берілді.





