8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай 1-4 сынып арулары мен аналары арасында сайыс өткізілді. Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел-Ана-өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Өміріміздің сән-салтанаты мен мектебіміздің мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр.





