Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы17 наурыз "Шаңырақ күні"аясында"Даналық мектебі" жобасы аясында "Әже-алтын қазына" тақырыбында іс-шара өтті. Қазақ отбасында әжелердің орны ерекше әрі қадірлі болған. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы болып, ағайын-туыстың ауызбірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі атанған. Әже тәлім-тәрбиесін көріп, тарихта есімдері қалған ұлылар қатары көп-ақ, мысалға Абайдың әжесі Зере. Абайдың ес білген кезінен ертегілер, жырлар айтып отырған. Абайдың Абай болып қалыптасуы - сол әжесінің берген тәрбиесінде болар. Сондай-ақ қазақ халқының маңдайына біткен асыл ұлдардың бірі Шоқан Уәлихановтың азаматтық болмысының өз тұстастарының арасынан дараланып шығуына, ішкі күш қуаты мен асқақ рухының ерте жетілуіне, көкірек көзінің ашық болуына оның әжесі – Айғанымның берген тәрбиесі айрықша ықпалын тигізді. Міне, осыдан-ақ баланың ең алғашқы ұстазы – атасы мен әжесі деп білуге болады.





