«Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!" тақырыбында іс-шара өтті.

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!" тақырыбында іс-шара өтті.

Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбиеленушілерге Наурыз мейрамы арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, тұлғалық дамуына ықпал ету.

Міндеттері: «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына сәйкес балаларды адалдыққа, жауапкершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейтіп, оның тәрбиелік мәнін ұғындыру; Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын (бата беру, шашу шашу, ұлттық ойындар) таныстыру; Балалардың ұлттық сана-сезімін, патриоттық рухын қалыптастыру; Шығармашылық, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;Топта достық, сыйластық, өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру; Ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеу.