«Озерный жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ресми интернет-ресурс

«Суды үнемде – болашақты сақта» 1-4 сынып оқушылары арасында эко-сағат өтті.

«Суды үнемде – болашақты сақта» 1-4 сынып оқушылары арасында эко-сағат өтті. Су ресурстары министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Суды үнемде – болашақты сақта» атты эко-сағат өткізілді. Мақсаты – оқушылардың суға деген ұқыпты және жауапты көзқарасын қалыптастыру. Эко-сағат барысында оқушылар су ресурстарын үнемді пайдаланудың жолдарымен танысып, суды үнемдеудің маңызы мен оның қоршаған ортаны сақтаудағы рөлі туралы мәлімет алды. Эко-сағат соңында оқушылар өз ойларын қорытындылап, «Суды сақтайық» тақырыбында суреттер салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.