"Заң және тәртіп" айлығын өткізу аясында білім алушылар арасында "Заң өзіңнен басталады"атты ақпараттық жадынамалар таратылды. Жадынамаларда кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері, сондай-ақ қоғамдағы заңнама нормалары мен мінез-құлық ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат қамтылған.





