Коммунальное государственное учреждение «Озерная общеобразовательная школа»
Официальный интернет-ресурс

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара өтті.

"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығы «Алғыс айту» күніне арналған іс-шара өтті. Мақсаты: Балалардың бойында мейірімділік, сыйластық, ризашылық білдіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын қалыптастыру. «Алғыс айту» күні арқылы тәрбиеленушілерді достыққа, бірлікке, өзара көмек пен қолдауға тәрбиелеу, жақсылық жасаудың маңызын түсіндіру. Іс-шара мазмұнын «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен кіріктіре отырып, балалардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік,адамгершілік қасиеттерін дамыту. Қоғамда сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған тәрбиелік ортаны қалыптастыру және балаларды айналасындағы адамдарға (ата-анаға, тәрбиешіге, достарына) шынайы алғыс айта білуге үйрету, жағымды эмоциялық көңіл күй қалыптастыру.