Жазғы сауықтыру алаңының 2-күні – "Шығармашылық күні!" Лагерьде балалар қызықты әрі көңілді күн өткізді. Күн психологиялық тренингтен басталып, бой жазу жаттығуларымен жалғасты. «Бояулар сыры» шығармашылық сағатында балалар өз қиялдарын сурет арқылы бейнеледі. «Қозғалыс пен әуен» флешмобында би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Таза ауадағы қимыл-қозғалыс ойындары балалардың белсенділігін арттырды. Ал «Ән салайық бірге!» бөлімінде жаңа ән үйреніп, барлығы бірге әсем ән шырқады. Күн қызықты әсерлерге, көтеріңкі көңіл-күйге және шығармашылыққа толы болды!





