Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында шашкидан жарыс өтті.
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында шашкидан жарыс өтті.
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында "Балалар кітапханасы" жобасы аясында көрме өтті. Мақсаты:Суретті, қызықты ертегілер мен балалар энциклопедиялары арқылы кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында "Көктемнің алғашқы гүлдері" тақырыбында 1-4 оқушылары арасында қолөнер сайысы өтті.
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында дене шынықтыру мұғалімдері 6-11 сынып оқушылары арасында футбол жарысын ұйымдастырды.
Көктемгі демалыс кезінде оқушылардың демалысын тиімді өткізу мақсатында көркем еңбек мұғалімі 6-9 сынып оқушылары арасында ою-өрнектер бойынша шеберлік сынып ұйымдастырды. Қазақ ою-өрнегі –қазақ халқының ауыз әдебиеті сияқты мәдени шежіресі. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстыру.
"Балалар кітапханасы" "Табиғатты аяла" тақырыбында 9-11 сынып оқушылары арасында кітапханада іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты:Табиғатты аялауға, қорғауға және оған қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. • "Табиғат — біздің ортақ үйіміз" деген ұғымды санасына ұялату.
1-11 сынып оқушылары арасында сынып сағаты өтті. Жер сағаты – жыл сайын өткізілетін іс-шара. Мақсаты - оқушыларды энергия мен басқа да табиғи ресурстарды үнемдеуге шақыру.
Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
"Озерный жалпы орта білім беретін мектебі" КММ жанындағы "Балапан" шағын орталығында "Әз-Наурыз мерекесі құтты болсын!" тақырыбында іс-шара өтті.
Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде тәрбиеленушілерге Наурыз мейрамы арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың бойына адамгершілік, адалдық, еңбекқорлық, үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерін қалыптастыру. Ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, тұлғалық дамуына ықпал ету.
Міндеттері: «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарына сәйкес балаларды адалдыққа, жауапкершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу; Наурыз мейрамы туралы түсініктерін кеңейтіп, оның тәрбиелік мәнін ұғындыру; Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын (бата беру, шашу шашу, ұлттық ойындар) таныстыру; Балалардың ұлттық сана-сезімін, патриоттық рухын қалыптастыру; Шығармашылық, танымдық, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;Топта достық, сыйластық, өзара көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру; Ата-аналармен ынтымақтастықты нығайтып, отбасы құндылықтарын дәріптеу.
23 наурыз-Тазару күні жаңа кезеңді таза ниетпен бастап, ішкі және сыртқы жаңаруға мән беретін ерекше күн. Мектебіміздің еріктілер тобы зейнеткерлердің үйіне барып көмек қолын созды.
23 наурыз-Тазару күні жаңа кезеңді таза ниетпен бастап, ішкі және сыртқы жаңаруға мән беретін ерекше күн. Мектебіміздің еріктілер тобы зейнеткерлердің үйіне барып көмек қолын созды.
Адал азамат біртұтас тәрбие және Наурыз мерекесі аясында мектебімізде 18 наурыз "Ұлттық киім күні" өтті. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарын насихаттауға бағытталған тәрбиелік іс-шара.